Қазақстандық танымал тұлғалар олимпиада чемпионына автокөлік сыйламақ

62
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XoW3HhHmfti9eknqnM1Jlqo24ChuMmedfUU0Is8R.webp

Бірнеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның әкесіне автокөлік сыйлауға шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кәсіпкер Арсен Томский чемпионның әкесі Станислав Шайдоров үшін жаңа автокөлік сатып алғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл — ел мақтанышы болған спортшыға және оның жетістігінің бастауында тұрған әкесіне көрсетілген құрмет белгісі. Кәсіпкердің сөзінше, Станислав Шайдоров ұлын жаттықтыру жолында кезінде өз көлігін сатып, оның арманына қолдау көрсеткен.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де спортшыны Олимпиададағы алтын медалімен құттықтады. Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода спортшыны «алтын бала» деп атап, оның өнерін жоғары бағалаған.

Сондай-ақ әнші спортшының жетістігін бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен есімімен байланыстырып, оның алдындағы жауапкершілікті жоғары деңгейде орындағанын айтты.

Димаш Құдайберген спортшының өзінің орындауындағы композицияны таңдағанына қуанышты екенін айтып, оған автокөлік сыйлайтынын жеткізді.

Комментарии
Другие материалы