Астанада дәмхана өртенді

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Бүгін таңда елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Жолымбет көшесінде орналасқан дәмхананың жануы туралы келіп түскен хабарлама бойынша жедел түрде оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды "Адырна".

Құтқарушылар келген кезде дәмхананың ас үйінде тоңазытқыш, жиһаздар мен ішкі әрлеу материалдарының жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. 

Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Комментарии
Другие материалы