"Ақорданы басып алу" әрекеті. Күдіктілердің ісі қаралып жатыр

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BeItH3XRgUuYTeiVx8tYtFX2pmRFQ50KYCY5sVLJ.jpg

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында "Ақорданы басып алуға әрекет жасады" деген күдікпен айыпталған бес белсендінің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Власть-қа сілтеп.

Сот процесі жабық режимде өтеді. Бұл туралы адвокат Жанара Балғабаева хабарлаған.

Іс бойынша белсенділер Асқар Нұрмаған, Абдуали Тағай және Дүйсенбек Жақашевке билікті күшпен басып алуға немесе ұстап тұруға үгіттеу, сондай-ақ зорлық-зомбылық, қирату әрекеттерімен және билікке қарсылықпен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және дайындау айыптары тағылған. Ал Қайсар Өзбек пен Талғат Ашировқа осы айыптардан бөлек, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша қосымша айып тағылған.

Прокурор сотты жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірген. Оған себеп ретінде куәгерлердің бірінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірілген. Судья мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырған.

Айыптау актісіне сәйкес, күдіктілер әрекеттерін жоспарлау үшін жасырын кездесулер өткізіп, WhatsApp мессенджерінде «Қайрат Команда» атты ортақ чат құрған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар Астана қаласында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті басып алу, сондай-ақ Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорданы басып алу жоспарын талқылаған.

Құжаттарда айыпталушылардың 2025 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі кездесулері мен байланыстары көрсетілген.

Комментарии
Другие материалы