Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tRSTvfsuoLT3t0pwPLjQMiRqjAO3iwv0ZojrYG7G.jpg

Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін шығарып, 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Адырна".

Айта кетсек, базалық мөлшерлеме 2025 жылдың 10 қазанынан бері 18% деңгейінде сақталып келеді. 2025 жылдың наурыз айынан қазанға дейін 16,5% болған.

Сондай-ақ Ұлттық банк инфляцияға қатысты болжамдарын қайта қараған. 2025 жылы инфляция деңгейі 12–13% шамасында болады деп күтілсе, 2026 жылы ол 9,5–12,5% аралығында қалыптасуы мүмкін. Ал 2027 жылдың қорытындысында инфляцияның бәсеңдеп, 5,5–7,5% деңгейіне дейін төмендеуі болжанып отыр.

Комментарии
Другие материалы