Тоқаев пен Мирзиёевтен басқа. Бейбітшілік кеңесіне кімдер шақырылды?

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

 АҚШ президенті Дональд Трамп Газадағы сектордың соғыстан кейінгі құрылымын реттеу үшін өз ұсынысы бойынша «Бейбітшілік кеңесін» құруға кірісті. Шақырылғандардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кеңеске палестиналық технократиялық комитет және кеңесші атқарушы орган кіреді. Қатысушылар тізімі алдағы уақытта кеңейуі мүмкін.

Қазірге дейін ресми шақыруды қабылдаған лидерлер:

  • Өзбекстан – Шавкат Мирзиёев

  • Венгрия – Виктор Орбан

  • Вьетнам – То Лам

  • Аргентина – Хавьер Милей

  • Канада – Марк Карни

  • Албания – Эди Рама

  • Парагвай – Сантьяго Пенья

Ал әлі қарастырылып жатқан елдер қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Италия, Бразилия, Иордания, Египет, Греция, Кипр, Румыния, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің басшылары бар.

 

Комментарии
Другие материалы