АҚШ Иран министрінің Давостағы кездесуге өтінішін қабылдамады

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3AeX8yV7ogfkgWx4HTNyJmpR25kVoRQvQ7xyp8jk.webp

АҚШ әкімшілігі Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аясында америкалық өкілмен кездесу туралы өтінішін қабылдамады. Бұл туралы WSJ жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Басылым араб және еуропалық дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, Аракчи Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен кездесу ұйымдастыруға бірнеше рет талпынған. Алайда Вашингтон бұл бастамаларды қолдамаған.

Кездесу туралы ұсыныс Ирандағы ішкі шиеленістің күшеюі мен наразылықтардың артуына байланысты АҚШ-та ықтимал жауап қадамдары талқыланып жатқан тұста жасалғаны атап өтіледі. Америкалық тарап мұндай кездесудің жоспарланбағанын және күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеген.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына шақыртуынан қағылғанын хабарладық.

Report агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылардың шешімі Ирандағы наразылықтарды күшпен басу оқиғаларына байланысты қабылданған.

Баспасөз хабарламасында бірнеше апта бұрын Иран үкіметінің өкілдеріне, оның ішінде Аббас Арагчиға шақырулар жіберілгені айтылғанымен, «қазіргі жағдайға байланысты Мюнхен қауіпсіздік конференциясы бұл шақыруларды кері алады» делінген.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы биыл 13–15 ақпан күндері өтеді.

Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның 2026 жылғы отырысы Давоста 19–23 қаңтар аралығында өтеді.

Комментарии
Другие материалы