Жиынға шақыртылған Иран енді шақыртудан да қағылды

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tpr2IkbHRLeb2dAoCXILv904f9iHBQyIPUc84pvz.webp

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына шақыртуынан қағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылардың шешімі Ирандағы наразылықтарды күшпен басу оқиғаларына байланысты қабылданған.

Баспасөз хабарламасында бірнеше апта бұрын Иран үкіметінің өкілдеріне, оның ішінде Аббас Арагчиға шақырулар жіберілгені айтылғанымен, «қазіргі жағдайға байланысты Мюнхен қауіпсіздік конференциясы бұл шақыруларды кері алады» делінген.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы биыл 13–15 ақпан күндері өтеді.

Комментарии
Другие материалы