Астанада полиция Ulysmedia тілшісін ұстады

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vyS7yJW5iLDKYZkWkJhWKj79Ntmd0JFTzRZUpHEz.jpg

Астана ПД журналисті ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Редакция хабарлауынша, журналист президент әкімшілігіне хат тапсыруға келген аналардың жиналысында ұсталған.

Ал жиналған аналар балаларының өліміне әділ тергеу жүргізуді, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен.

Құқық қорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, олар президент әкімшілігіне кіре алмаған, өтініштері қабылданбаған.

Ал БАҚ полиция тілшінің телефонын тартып алғанын хабарлады. ПД оқиға орнында түсірілген материалдарды өшірген. Ол Есіл аудандық полициясында бір сағаттан астам уақыт ұсталып, түсініктеме жазуға мәжбүрленген соң босатылған.

Астана полициясының баспасөз қызметі әзірге түсініктеме бермеді.

Комментарии
Другие материалы