Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mtdSaXriAOEcE7bTqTBlKmNHFs07lwky683c3vmg.jpg

Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dw.com-ға сілтеме жасап.

«Бұрынғы президент Юн сот және заң шығарушы билікті басып алып, билікте ұзақ қалу мақсатында әскери жағдай енгізді. Қылмыстың сипаты өте ауыр, өйткені ол ұлттық қоғам мүддесіне ғана пайдаланылуы тиіс материалдық ресурстарды жұмылдырды»,- деді арнайы прокурордың көмекшісі Сеулдің Орталық аудандық сотындағы соңғы отырыста.

Yonhap мәліметінше, үкім сұралған сәтте экс-президент сот залында үнсіз жымиып отырған, ал оның кейбір жақтастары балағат сөздер айтқан. Тыңдау шамамен 11 сағатқа созылған. Сот 19 ақпанда үкім шығаруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілгенін жариялаған еді. Ол бұл шешімін «конституциялық тәртіпті қорғау» және «Солтүстік Кореяның коммунистік күштерінен төнген қауіптің» алдын алу қажеттілігімен түсіндірген.

Әскери жағдай енгізуге оппозициялық Демократиялық партияның жетекшісі Ли Джэ Мен қарсы шыққан. Ол партия мүшелерін парламент ғимаратына жиналуға шақырған. Кейін республика парламенті әскери жағдайды жою туралы шешім қабылдады.

Осыдан соң оппозициялық партия президентті отставкаға кетуге шақырып, Оңтүстік Корея полициясы Юн Сок Ёльге қатысты мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу бастады.

Комментарии
Другие материалы