Ресей тележүргізушісін ел аумағына кіргізбеу ұсынылды

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AqHjHPjkqXsT02P7hzU6skSwPpsEWW8FxcYR7MJu.jpg

Қырғызстан депутаты Дастан Бекешев ресейлік телеарна жүргізушісі Владимир Соловьевті елге кіргізбеуді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеп.

Бұл туралы депутат әлеуметтік желілерде пікір білдірді.

Бекешевтің айтуынша, көптеген журналистер Соловьевтің Ресей телеарнасындағы пікіріне депутаттар қандай баға береді деп қызыққан.

«Мен оның сөзін оқып шықтым. Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырып, нота беруі керек және осындай адамға Қырғызстанға кіруге тыйым салу қажет», – деді ол.

Еске салсақ, Соловьев бірнеше күн бұрын эфирлерінің бірінде Ресей Венесуэладағы АҚШ сияқты халықаралық құқықты елемеуге және Армения мен Орталық Азия республикаларының ішкі ісіне әскери жолмен араласуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал Армения Ресей елшісіне осы жағдайға қатысты нота тапсырған.

Комментарии
Другие материалы