Генералдар ротациясы. Полиция басшылары кресло алмасты

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s0YN5x4AAPRz6CnjoyNZk6xmAcDAj3QhzMC3N6GI.webp

Жоспарлы ротация тәртібімен, Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент Әкімшілігімен келісілген түрде ведомствода бірқатар кадрлық тағайындау жасалды, деп хабарлайды “Адырна”.

 Ішкі істер министрлігінде:

  • Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігінің Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
  • Полиция генерал-майоры Мұрат Кабденов, бұған дейін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болған, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
  • Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы болған, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • Полиция генерал-майоры Айдын Кабдұлдинов, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болған, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • Полиция полковнигі Абай Жүсіпов, бұған дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болған, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев, бұған дейін Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев, бұған дейін Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болған, Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев, бұған дейін ІІМ Аппаратының басшысы болған, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Комментарии
Другие материалы