Жамбыл және Алматы облыстарында жер сілкінді

755
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lFN9Njgduwj4WX11Dufjc6sG3g9ljVxCEJ9gnl88.jpg

Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ұлттық деректер орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жер сілкінісі бүгін, 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те болған.

«Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 3,7 балл. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 43,76 градус, шығыс бойлық бойынша 75,15 градус. Энергетикалық класc K = 8,8»,-делінген хабарламада.

 

 

Комментарии
Другие материалы