Өзбекстанда ажырасқан еркектер бұрынғы әйелін баспанамен қамтамасыз етуі мүмкін

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/c9xDQOLevcKzpXw72IvtgiatzjQ2odY5XJNB5xFu.jpg

Өзбекстанда ажырасқан еркектер бұрынғы әйелдерін баспанамен қамтамасыз етуі мүмкін. Өзбекстан Сенатында ажырасудан кейін әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтетін заң қаралды, деп хабарлайды "Адврна".

Құжатқа сәйкес, неке бұзылғаннан кейін әйелдің тұруға лайықты тұрғын үйі болмаса, оған басқа баспана ұсынылуы тиіс.

Аталған заң жобасы Сенатта мақұлданып, президентке жолданды. Егер ер адамда жеке пәтері болмаса, ал бұрынғы әйелі баспана жалдаса, онда оның ай сайынғы арендасын бұрынғы күйеуі төлейді.

Сарапшылар бұл норма Өзбекстан үшін өте маңызды екенін айтады. Себебі елде ерлерге қарағанда әйелдердің құқығы аз қорғалған.

2025 жылы 60 мыңға жуық ажырасу фактісі тіркелді. Олардың 60 пайызы қала тұрғындарының еншісінде. Ажырасу бойынша бірінші орында Ташкент қаласы тұр. Ташкент облысы мен Ферғана өңірі алғашқы үштікті түйіндейді. Депутаттар аталған заң жобасы отбасы институтының дамуына сеп болатынын айтады.

 

Комментарии
Другие материалы