Астанада түнгі клуб маңында төбелес болды. 18 жастағы жігіт қаза тапты

389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fHv7KGgU6LZlMW9TtxgKAoRUaSz32Z9nWEW9viGS.jpg

Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған төбелес туралы ақпарат тарады. Аталған оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиғаға қатысты мәліметтер Threads платформасында жарияланды. Желі қолданушысының айтуынша, мекеме маңында жас жігітке пышақ сұғылған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Анықталғандай, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар арасында ауызша жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды»,- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Комментарии
Другие материалы