Шымкенттегі көше әжетханалары әлемдегі ең үздік деп танылды

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tbjuLMIpYnU3n2Qk4EKBy8c9RQ1KXh65vtt2v867.webp

Шымкентте жасалған инновациялық смарт-әжетханалар World Toilet 2025 халықаралық саммитінде жоғары бағаланды, деп хабарлайды "Адырна".

Шымкенттік смарт-әжетханалар кең әрі заманауи бөлмелерден тұрады. Онда толықтай байланыссыз жүйе қолданылады: барлық жабдықтар сенсор арқылы жұмыс істейді. Сонымен қатар әжетханалардың ішінде люстралар мен душ кабиналары орнатылған. Қазіргі таңда үшінші мегаполисте осындай бес смарт-дәретхана жұмыс істеп тұр. Жобаны іске қосқалы бері оларды 100 мыңнан астам адам пайдаланған.

Жобаның директоры Мақсат Алихановтың айтуынша, идея Жапониядағы әжетханаларды көргеннен кейін пайда болған:

«Идея жапон әжетханаларын көрген кезде туындады. Мұнда гигиеналық тәсіл толық ескерілген: раковинадан бастап унитазға дейінгі барлық бөлшек сенсорлы. Бұл адаммен тікелей байланысты азайтып, гигиенаны арттырады», - деді ол.

Аталған бастама қалада қоғамдық әжетханалардың жетіспеушілігіне байланысты жергілікті студенттер тарапынан көтерілген. Бұл мәселе Шымкентте ұзақ жылдар бойы елеусіз қалып келген. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары бір «ақылды» әжетхананың құны шамамен 50 млн теңге екенін жазған.

Комментарии
Другие материалы