Ресей президенті тәжік баласының өлімін «теракт» деп атады

178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yytpEQmfy7XGWMEQagS4TfnJiuN8V1R0Fngpm8kx.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу барысында Мәскеу облысындағы мектепте қаза тапқан баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей президенті тәжік баласы Қобилжон Алиевтің өліміне байланысты көңіл айтып, болған оқиғаны теракт деп атады. 

«Біздің екіжақты кездесуімізді бірнеше күн бұрын Тәжікстаннан келген баланың қаза табуына байланысты сізге және оның отбасына шынайы көңіл айтудан бастағым келеді. Балаларға қарсы жасалған теракт — жиіркенішті қылмыс. Тергеу соңына дейін жеткізіліп, кінәлілер толық көлемде жазаланатынына күмән жоқ», — деді Владимир Путин.

Айта кетейік, қылмыс жасады деген күдікпен 15 жастағы Тимофей К.-ға қатысты «адам өлтіру» және «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін БАҚ-та мектепке жасалған шабуыл «оқыс оқиға», «трагедия», «төтенше жағдай» немесе «пышақтасу» деп сипатталып келген.

Еске салсақ, 16 желтоқсан күні Мәскеу облысының Одинцово ауданындағы Горки-2 елді мекенінде орналасқан Успен орта мектебіне 15 жастағы оқушы Тимофей К. пышақ және газ баллонымен келген. Ол мектеп күзетшісін жарақаттап, 4-сынып оқушысы Қобилжон Алиевті өлтірген. Қаза тапқан баланың анасы осы мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген.

Комментарии
Другие материалы