"Заң мен тәртіп" акциясы аясында құқықтық-ағартушылық іс-шара өтті

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ogv4u0PljssOkIbPNCjivM0US4zu1k3xJGfkG4xs.jpg

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында құқықтық-ағартушылық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Аталған жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, студент жастармен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттерге заңдылық пен құқықтық тәртіптің қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің қызметтік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, заңға деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда әділдік пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Комментарии
Другие материалы