Полиция қандай көліктерге отырмауға кеңес береді?

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cwaASaB1WRQ7TLNBQ13WnGdpovdnVGdZd06e9u0P.webp

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға оң рөлді автокөліктерді такси ретінде пайдаланбауға үндеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі дәл осындай көліктердің қатысуымен тіркелген. Оң рөлді автокөліктерді жолаушы тасымалдауда қолдануға тыйым салынғанына қарамастан, кейбір заңсыз тасымалдаушылар бұл талапты елемей, өз қызметін жалғастырып келеді.

Полиция өкілдері мұндай көліктерді жүргізу барысында көріну аймағының шектеулі болуы жолдағы қауіпті жағдайлардың туындауына әсер ететінін атап өтті. 

"Жолаушы тасымалы кезінде кез келген қателіктің салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарды тек қауіпсіз көлік қызметін пайдалануға шақырамыз", — делінген хабарламада.

Комментарии
Другие материалы