Ірі су тасқынынан жүзден астам қаза тапты

255
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pdKn3xjYT3RbH3yHmyRyaEwXmhqC0bl8aze8i2Ny.jpg

Шри-Ланкада «Дитва» циклоны салдарынан 20 жылдан бері болмаған ең ірі су тасқыны болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Толассыз жаңбыр мен су тасқыны нәтижесінде 132 адам қаза тауып, тағы 176 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Елдің төтенше жағдайларды басқару орталығы қауіп деңгейі өте жоғары екенін хабарлап, тұрғындарды сақ болуға шақырды. AFP агенттігінің мәліметінше, 44 мыңға жуық адам баспанасыз қалып, эвакуацияланған. Президент Анура Кумара Диссанаяке 28 қарашада елде төтенше жағдай режимін енгізді.

Қауіптің салдарынан Шри-Ланка парламентіндегі бюджет талқылауы тоқтатылып, Коломбо қор биржасының сауда уақыты қысқартылды. Төменгі өңірлерде, әсіресе Келани өзенінің жағалауында тұратын тұрғындарға жоғары жерге көшуге нұсқау берілді. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды.

Үкімет әскери күштерді жұмылдырып, су басқан аймақтағы тұрғындарды тікұшақтар мен қайықтар арқылы қауіпсіз жерге шығарып жатыр. 29 қараша күні әскери-теңіз күштері автобуста қалған 40 жолаушыны құтқарған. Электр желісіне зақым келген аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Комментарии
Другие материалы