Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға пікір білдірді

1096
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LY4zC0nJw7uFEGW7tUfxc2Qm5Lr0YTvKssmZ5qob.jpg

ҚР энергетика министрлігі Новороссийскідегі КТК айлағында жасалған шабуылға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство мәліметінше, 29 қараша күні Новороссийскідегі порт маңында КҚК-ның теңіз инфрақұрылымы объектілеріне экипажсыз жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалған. Соның салдарынан ВПУ-2 сыртқы айлақтық құрылғысы қатты зақымданып, агрегат толық көлемде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін істен шығарылды.

Энергетика министрлігі мұндай әрекеттердің азаматтық мақсаттағы сындарлы инфрақұрылым нысандарына қарсы жасалуы жол беруге болмайтынын атап өтті.

«КҚК құбыр жүйесі – халықаралық энергетикалық жоба. Оның объектілеріне кез келген күштік ықпал ету жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді әрі консорциум қатысушыларының, соның ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Теріс салдарды барынша азайту және ірі кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін сақтау мақсатында министрлік тарапынан экспорттық мұнай көлемдерін баламалы бағыттарға шұғыл қайта бағыттау жоспары іске қосылғанын атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жағдай Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

Комментарии
Другие материалы