Яна Легкодимованың өлімі. Аса ауыр қылмысты ашқан полицейлер марапатталды

239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Атырау қаласында аса ауыр қылмысты әшкерелеген полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық ПД мәліметінше, тергеу әрекеттерін сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқаны үшін тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды.

Сондай-ақ полиция подполковнигі Аслан Смағұл мен полиция майоры Наурызбек Рахманов “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Ал полиция майоры Серіжан Сабитов пен полиция капитаны Гүлфарида Төлегенова “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісіне ие болды.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары 2024 жылы із-түзсіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты тергеу барысында кәсіби дайындығы мен жедел әрекеті үшін марапатталған. Полицейлер бейнебақылау деректерін мұқият саралап, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, қылмысты толық ашқан.

Айта кетейік, сот үкімімен Яна Легкодимованы өлтірген екі күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Комментарии
Другие материалы