Көсемсіген саясаттанушының ойында талай корчагиндер бұғып жатыр-ау…

752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/irSkPCOGgSaOl6AhjX0A1rzy8xWr6M5FZzKZJOQN.jpg

Данияр Әшімбаев, әлеуметтік желіден

Павел Корчагиннің руһымен өсіп, тілімен сөйлеп келе жатқан Данияр Әшімбаев Екатерина Корчагинаны сыпайы қолдамай қайтсін?! 

“Қала мен дала” газетіндегі материалда Рудныйдағы мәселеге қатысты көзқарасы беріліпті. “Өткенді қаралау” белең алды, тарихқа көзқарасымыз дұрыс емес, бұны билік әдейі істетіп отыр деген сарында баға беріпті. Ленин, Октябрді, т.б. тезірек жадтан өшірейік, жер-суымыз өз перзенттерінің есімін иеленсе деген адамның барлығы биліктің айтағынан шыға алмайтын, ой-өресі манипуляциядан аспайтындар дегендей пікір туады.

Негізі Әшімбаевтың өз сөзінде манипуляция бар, ұстаным арасында билікті сынап кеп жіберсем бұларға кез келген сөзім өтеді деген пиғылы анық.

Әр дәуірдің жаман-жақсысы бар, соны ұғуға өре жетпейді, Совет те жақсы, Назарбаев та жақсы деп көсемсіген саясаттанушының түпкі ойында талай корчагиндер бұғып жатыр-ау…

Serik Abikenuly

 

 

Комментарии
Другие материалы