Арман Дүйсеновтің жұбайы ескерту жасады

842
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AmDx8njWh4LL1D7Xx2wBF7lH17X112sz9v2Aa3Bx.webp

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер менің атымнан, менің сұхбатымдағы фрагменттерді немесе фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол – жалған ақпарат. Мен Президентке үндеу жасап, тергеудің объективті жүргізілуін, әділетті сот шешімін сұрадым. Халқымнан тек қолдау сұрадым. Бірақ ақша жинау немесе қор ашуды өтінген жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын», – деді ол желідегі парақшасында.

Бұған дейін Айсұлу Айданқызы журналист Аман Тасығанға сұхбат берген болатын. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, Алматы қаласы сотының әділетсіз шешіміне қатысты шағымын жеткізген еді.

Комментарии
Другие материалы