Мынау  болмайды. Бір  түнде  бір  үйдің адамдары  жоқ бола  салды...

969
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F2Em2A9dRwgNDUNhfqWitbOXHFLbaImd6yVtwdwc.webp

Кімді кіналаймыз? Кіналағаннан не пайда? Біз қорадағы мал мен тауығымызды қасқыр жеп кетпесін деп қатты уайымдасақ та, үйдегі бала-шағаны бір құдай өзі сақтайды деп жайбарақат жүре беретін  халықпыз. 

Астанадан тым алыс  емес бір  ауылда 6 жасар бала, үйдің дәл іргесінде   ағып  жатқан  Нұра  өзеніне құлап ағып  кетті. 

Шамамен былтыр болды ғой дейім осы оқиға. Танысымның   досының  ұлы  екен. Оқиға  былай болған. Отағасы межгород таксовкаға   кеткен. Үйде   балалармен келіншегі қалған. Ауылға мал ұстау  үшін барғаны айтпаса да түсінікті  зат. Келіншегі кешке өрістен  келген сиырларды  күтіп  алып, сауып жүргенде, үйдегі бала  ұйқыдан  оянып   сыртқа  шыққан. Қалбалақтап жүріп өзенге құлап кеткен. Трагедия.

Кімді кіналаймыз? Кіналағаннан не пайда? Біз қорадағы мал мен тауығымызды қасқыр жеп кетпесін деп қатты уайымдасақ та, үйдегі бала-шағаны бір құдай өзі сақтайды деп жайбарақат жүре беретін  халықпыз. Солай балаға немқұрайлы қарағаннан жыл сайын талай сәби терезелерден құлап  қайтыс болып  жатыр...

Сонда да ешкім үй алғанда терезесіне темір тор салмайды. Ілуде  біреулер болмаса. 

"Ии  құдай  сақтайды" дейді, болды...

Америкада үй салып жатқан талай видеоны ютубтан  көргем.

Оларда жеке тұлға жер алып өзіне жеке үй салатын болса, тоқ  жүргізу үшін, арнайы сертификаты бар электрикамен айналысатын фирманы жалдайсыз.   Біздегідей өзіміз, көрші мен құрдастармен демалыста шашлық істеп, сыраға тойып  алып, дым сапасы жоқ алюмин сыммен  тляп-ляп тоқты  тарта  салу жоқ. 

Арнайы допускісі бар фирма тоғыңызды тартады. Сол фирманың тартқан тоғын мемлекеттік тағы бір технадзор  келіп  тексереді. Салған сымдардың сапасын  қарайды. Сосын барып ішкі жұмыстарды істей беруге  рұқсат береді.

Өрт  қауіпсіздігі  тура  солай. 

Өзіміз  "Эталоннан" барып сатыпталып, ютубтан қарап отырып тарта салу деген жоқ. Арнайы рұқсаты бар фирмалар  тартып, орнатып  береді. Осындай заңдар қабылдап  алған.

Адамдардың өміріне мемлекет алаңдайды. Себебі конституцияда солай  жазылған. Адам өмірі аса  құнды, бәрінен  бірінші орында  деп. 

Бізге де осындай заң керек. Және   шұғыл  қабылдануы тиіс.

Мысалы, көлікке отырғанда тағатын қауіпсіздік белдігі қаншама адамның өмірін сақтап қалып жатыр.  Соны мемлекет тақ деп міндеттеп отыр емес пе. Тақпасаң  айыппұл  салады...

Жеке үй салған адамдарға да тоқ пен өрт қауіпсіздік  жүйесін  орнатуды  заңмен міндеттеу керек. 

Мынау  болмайды. Бір  түнде  бір  үйдің адамдары  жоқ бола  салды...

Өрт  қауіпсіздік  жүйесі орнатылғанда ол  сәл түтінге шарылдап қоя береді. Жарайды, әке  мас болып  ұйықтап қалуы  мүмкін, мама бірден оянар  еді ғой... Адамдар тірі қалар еді ғой.

Елдің  жағдайы жоқ болса, онда  мемлекет тегін  орнатып берсін. 

Сосын  күз  түскенде   жергілікті  пожарный инспектор үй-үйді аралап тексеріп  отырсын. Істеп тұр ма  жүйе, жоқ па  деп...

Медет Арыстан

 

 

Комментарии
Другие материалы