Қазақстанға жақын ауданда жарылыс болды

841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/j6jrj3gEsNgLRxi85dwFcPcJv7sKhy4JIbZj2aPG.jpg

Омбы облысында газ құбырында жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Қазақстан шекарасына жақын Ресейдің Омбы облысы, Ростовка ауылында магистральды газ құбырының жер астындағы учаскесінде газдың ағып кетуі салдарынан өрт шықты.

Оқиға ресми деректерге сәйкес, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Көршілердің айтуынша, өрт шықпас бұрын тұрғын ауданға жақын жерде күшті жарылыс естілген.

Омбы облысының басшысы Виталий Хоценко тұрғындарға қауіптің жоқ екенін хабарлап, жағдай бойынша тексеру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

«Магистральды газ құбырының жер астындағы учаскесіндегі апатты жағдайды мамандар зерттеп жатыр. Ом ауданы мен облысымыздың басқа елді мекендеріндегі тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ. Сақ болыңыздар және тек ресми ақпаратқа сеніңіздер», – деді облыс әкімі.

Жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпеді, құрбан болған жоқ. Қазір өртті сөндіру және апатты учаскені тексеру жұмыстары жалғасуда.

Комментарии
Другие материалы