Елде мыңдаған тасымалдаушы компания банкротқа ұшырады

843
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9QKOIWsMq1FgbqqJRfPzHcJKMuBwS4vcjPsemApf.webp

Ресейде 6 мыңнан астам көлік тасымалдаушы компания банкрот болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Известия» басылымына сілтеп.

ПЭК компаниясы мен «АвтоЖүкЭКС» ассоциациясының мамандарының айтуынша, қазан айының соңынан бастап елде тасымалдаушылар саны азайып, тасымалдау қызметінде дефицит байқалуда.

Сарапшылар бұл жағдайды тасымалдау шығындарының өсуі мен жеткізілімдердің рентабельділігінің төмендеуімен байланыстырады.

«Лидер Транс» компаниясының негізін қалаушы Михаил Устюжаниннің мәліметінше, 2025 жылғы ақпанда тасымалдау тарифтері өткен жылға қарағанда шамамен үштен бір бөлікке төмендеген.

Комментарии
Другие материалы