БАҚ-та Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған ұшақ туралы бірнеше ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
11 қарашада Грузия аумағында Түркияның әскери-транспорттық C-130 ұшағы апатқа ұшырап, әскерилер қаза тапқан. Бортта болған 20 әскери қызметші қаза тапты.
Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі апатқа ұшыраған ұшақ 11 қыркүйектен 12 қазан аралығында толық техникалық тексеруден өткен. Ұшаққа модернизирленген Erciyes Avionics жүйесі орнатылған, фюзеляж бен қозғалтқыштарға жоспарлы тексерулер уақытылы жүргізілген.
Бұл C-130 ұшағы 21 қаңтар 2012 жылы Сауд Арабиясынан сатып алынған, 2014 жылы эксплуатацияға қабылданған.
Апаттан кейін ұшақтың қара жәшігі Түркияға жеткізілді. CNN Türk хабарлағандай, ол Анкара қаласына қондырылды. Ұшақ апатына байланысты Грузияда авиациялық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бекарыс Жандаулет