Ақтөбе облысында азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аударылуда

830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KkgWzIEWP2cyb7CYvzqnAFK0qdzyUDQ3bhcbkzDM.jpg

Ақтөбе облысында азаматтық қоғамды дамытуға, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінде өңірде 808 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 643 ұйым (80%) Ақтөбе қаласында, ал 165 ұйым (20%)аудандарда өз қызметін жүзеге асыруда.

​Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы облыс бойынша 86 әлеуметтік жоба  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылуда. Бұл жобалар қоғамның түрлі салаларын — білім, мәдениет, жастар саясаты, экология, әлеуметтік қолдау және инклюзия бағыттарын қамтиды.

​Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» грантын жүзеге асыруда. Грант аясында Азаматтық орталық өңірдегі ҮЕҰ-дарға кең ауқымды консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау, сыйлықақы алу үшін құжаттар әзірлеу, жұмыс істемейтін және таратылу сатысындағы ұйымдарды жабу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

​Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында аудан орталықтарында оқыту семинарлары өткізілген. Бұл шаралар ауылдық ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттырып, әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Белсенді қоғам – берік болашақ»: XII Азаматтық форум өтті

​Қыркүйек айында «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Белсенді қоғам – берік болашақ» атты Ақтөбе облысының XII Азаматтық форумы жоғары деңгейде өтті. Форум «Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту» гранты аясында ұйымдастырылып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

​Форумның басты мақсаты – азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы серіктестікті нығайту, үздік тәжірибелермен алмасу және өңірдің дамуына серпін беретін жаңа бастамаларды қалыптастыру болды.

​Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан келген делегаттар, мемлекеттік орган басшылары, қалалық және аудандық ҮЕҰ жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысып, өзара тәжрибе алмасу алаңына айналған.Ұйымдастырушылар бұндай тағылымды кездесулерді жиі өткізуді мақсат ететінін жеткізді.

Қоғамдық серіктестік – тұрақты дамудың негізі

​Ақтөбе облысының XII Азаматтық форумы азаматтық қоғам мен мемлекеттік сектор арасындағы өзара сенім мен әріптестікті нығайтуға серпін берді.Форум барысында қатысушылар нақты шешімдер ұсынып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар көтерді. Азаматтық қоғам өкілдерінің пікірінше, мұндай кездесулер өңірдің дамуына тың серпін беріп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырады.

​Ақтөбе облысының «Азаматтық орталығы» алдағы уақытта да азаматтық бастамаларды қолдап, қоғамдық ұйымдардың кәсіби дамуына жағдай жасауды жалғастыра бермек.

Комментарии
Другие материалы