Тағы бір елде балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынады

443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zd3GpW0P7NRZjc9Zpjoqdc2BictACRyqwvbAJDi4.jpg

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елдің жергілікті БАҚ сілтеп.

Бұл шешім қабылданған соң жасөспірімдерге ең танымал интернет-платформалар қолжетімсіз болады, ал олардың миллиондаған аккаунттары жабылады.

Аталған заң Аустралия парламенті тарапынан өткен жылы күзде қабылданған еді. Алайда ол ресми түрде 2025 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, жасөспірімдерге тоғыз ірі интернет-платформаға кіруге толық тыйым салынады. Тыйым салынған тізімге Facebook пен Instagram, TikTok, Snapchat, YouTube, X (бұрынғы Twitter) және басқа да танымал желілер енгізілген.

Билік бұл шараны балаларды интернеттегі кибербуллингтен, жалған ақпараттан және зиянды контенттен қорғау мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Дания үкіметі 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізуді жоспарлағанын хабарлаған едік.

Комментарии
Другие материалы