Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына орай Мәскеу қаласы Қазақстанның туымен безендірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Акорда хабарламасында:
"Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр. Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді. Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр", - делінген.
Еске сала кетейік, Касым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында Қазақстан Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.