Жүргізуші жол талғамайтын көлікпен полицейді қағып, қолхатпен босады

891
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/D0pgVn57YSmrge34c1Ie8MQegzMnmvOdgIEICSOo.webp

Алматыда жол талғамайтын көлік жол полициясы қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға кезінде полицей қызметтік міндетін атқарып тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Желтоқсан даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында болған. Toyota маркалы көлік оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, солға бұрылған сәтте полицейді байқамай қағып өткен. Соққы салдарынан аға лейтенант жарақат алып, өздігінен тұра алмаған.
Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына дер кезінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Кейін жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған жұмсақ тіндердің жарақаты және бел омыртқасының созылуы диагнозын қойды. Тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.

Көлік жүргізушісі бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырған. Ол түсініктеме бергеннен кейін босатылды.

Қазір бұл оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы