Жастар арасында атыс болып, жасөспірім қаза тапты

551
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жастар арасында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Болған оқиға салдарынан бір бозбала көз жұмды, тағы үш адам жарақат алды.

ПД дерегінше, атыс 2 қараша күні болған.

2008 жылы туған жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан. Ал жараланған үш тұрғын медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

«Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды», – делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды. Полиция екінші күдіктіге іздеу жариялағанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Комментарии
Другие материалы