Тараздағы “алып қашу”. Қыз күйеу жігітін танымай қалғанын айтты

914
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hOfdw3W7pU7tmH36pFTqiQoDMRspiwOJBvcydkzl.webp

Таразда көшеде қызды  “алып қашпақ” болған жігіттің ісі бойынша сотта қыз алғаш рет өз нұсқасын айтты. Ол оқиға кезінде күйеу жігітін танымай қалып, қорыққаннан көмек сұрағанын жеткізді. Бұл туралы КТК телеарнасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна”

Қыздың айтуынша, ол күдіктімен алты жылдан астам уақыт бойы таныс — екеуі кездесіп жүрген және үйлену тойын көктемде өткізуді жоспарлаған.

«Мені ұрлап кетеді деп ойламадым. Кім екенін түсінбедім. Ал көліктің ішінде отырып, қозғалып кеткен соң, рөлде менің жігітім отырғанын көрдім. Біз бағдаршамда тоқтағанда, көліктен түсіп, үйге кетіп қалдым», — деді ол.

Тергеу кезінде бұлтартпау шарасын таңдау бойынша өткен сотта жастар өздерін түсіруге тыйым салды. Нәтижесінде сот күдіктілерді үй қамағына алып, арнайы электронды білезік тағуға шешім шығарды. Оларға көшеге шығуға және сыртқы әлеммен байланыс орнатуға тыйым салынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда күндіз көпшіліктің көзінше белгісіз адамдар қызды күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен болатын. Куәгерлер араласуға тырысқанымен, ұрлаудың алдын ала алмады. Оқиға автобус аялдамасының маңында болып, бейнежазбаға түсіп қалған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы — “Неке қиюға мәжбүрлеу” бабы бойынша іс қозғалды.

Комментарии
Другие материалы