Қазақстанның бірнеше өңірінде Республика күні қарсаңында оннан астам белсенді ұсталып, әкімшілік жазаға тартылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, Астанада Әсет Кенжебеков пен Нұржан Қажығалиев, Қызылордада Қаржау Төрекұлов ұсталған.
Сондай-ақ, Екібастұзда Жанат Жамалиев, Астанада Нұрбек Құлышек пен Ербол Есхожин, сондай-ақ Қанатхан Әмренов пен Назгүл Жүсіпова 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Семейлік Елдос Досанов 10 тәулікке, ал Нұржан Сембаев 6 тәулікке қамалған.
Белсенді Махаббат Құсайынова 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеген.
Бақытжан Төреғожина бұл қамауларды оппозициялық қозғалыс жетекшісі Мұхтар Әблязовтың Республика күні қарсаңында жақтастарын митингке шақыруымен байланыстырды.