Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды “Адырна”.
«ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр», - деп хабарлайды спорт министрлігі.
Айта кетейік, бүгін президент бірқатар танымал тұлғаларды марапаттады.