Түркістан облысында 15 жастағы оқушы қыздың 71 жастағы туысынан бала туғаны анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қыздың жүктілігі туралы отбасы тек жетінші айда ғана білген. Оқушы биыл ақпан айында босанған. Оқиғадан кейін ауыл тұрғындары күдіктінің отбасын елдімекеннен кетіруді талап еткен.
Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.
«Келес ауданының тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.