Протоколсыз Пезешкиан. Иран президенті велосипед мініп кетті

970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xRVbwX6NWM8RQj8Xh6og1zxkdMgEgYN067k62BgO.jpg

Пезешкиан Исфаханда велосипедпен серуендеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратты «Тәуелсіз Иран» Telegram арнасы жариялады.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Исфахан провинциясына жұмыс сапары кезінде ресми хаттаманы бұзып, қала көшелерін велосипедпен аралады.

Президенттің қасында қауіпсіздік қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері болғанымен, ол қарапайым киіммен халық арасында еркін жүрді.

 Бұл сәтті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде кеңінен таратты.

Комментарии
Другие материалы