Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Павлодар облысында бүгін өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қазан күні Қалқаман – Керней автожолында, Баянауыл ауданының Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, Lexus RX 330 маркалы автокөліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды, ауа райы мен жол жағдайын ескеруді, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауды ескертеді.