Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

1011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7H1MwINPJn43ms53MQR8vMoRomVNCOY5sQae1711.jpg

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы 15 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды»,–делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылдың 6 ақпанында Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметтен 2024 жылдың 31 желтоқсанында кетті. 

 

 

Комментарии
Другие материалы