Қалта көтермейді - Депутат жолақыны көтеру ұсынысын сынады

1938
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6Zc6h9WCgPLQyfUNNAIHXM6sW8MFYoYaDWL3KFSW.jpg

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов қоғамдық көлік ақысын 500 теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысты сынға алды. Ол мұндай тарифті қазақстандықтардың қалтасы көтермейтінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қоғамдық көлік әлемнің барлық елінде субсидияланады. Ол «қоғамдық» деп бекер аталмайды, себебі оны халықтың көп бөлігі пайдаланады. Ұсынылған тарифтерге келер болсақ, бұл азаматтардың нақты табысына сай келмейді»,– деді депутат.

Шаталовтың айтуынша, қоғамдық көліктің басты мақсаты — пайда табу емес, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Сол себепті ол көлік, денсаулық сақтау және білім беру сияқты салалар қоғам игілігін қалыптастыратынын, коммерциялық табыс әкелуді көздемейтінін атап өтті.

Депутат сапаны жақсарту үшін тарифті өсіруге емес, бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық автопарктердің дамуына назар аударуды ұсынды.

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы керектігін айтқан еді.

Комментарии
Другие материалы