Түркістанда жаңа ойын алаңшалары мен спорт алаңдары пайдалануға берілді

708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEugtfPIUBfmWkVY58yQDx8hMxoUyyIEZ9mfuHeg.jpg
Түркістан облысының тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңдары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы бар. Жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары салынса, Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді.
Алаңшалардың құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Нысандар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Сонымен қатар аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылған.
Комментарии
Другие материалы