Түркістан көшелері кешкі 18:20-дан таңғы 05:00-ке дейін жарықтандырылады

918
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2RUFhaPfbbihctUcQRhj94S1YFTCOk5ZYiFgcxlO.jpg
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында көше жарықтандыру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 37 302 жарықтандыру нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде ішкі орам көшелерге арнайы орнатылған 450 шам бар. Барлық жарық шамдары заманауи энергия үнемдейтін жүйелермен жабдықталған.
Жарықтандыру жұмыстары тәуліктің нақты уақытына сәйкес автоматты түрде реттеледі. Көшелердегі шамдар кешкі 18:20-да қосылып, таңғы 05:00-де сөндіріледі. Бұл тұрғындардың түнгі уақытта қауіпсіз қозғалуына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала келбетінің жақсаруына ықпал етеді.
Алдағы кезеңде Түркістан қаласының инфрақұрылымын жетілдіру аясында жарықтандыру желілері кезең-кезеңімен жаңартылып, қосымша нүктелер орнату жоспарланған.
Комментарии
Другие материалы