Дана Қарағұсова мінген ғарыш кемесі Жерге сәтті оралды

2034
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6MT5vfsWHrtHjOjMdmpc8s9afTONKENvKRfWoluw.webp

Америкалық Blue Origin компаниясы ұйымдастырған New Shepard кемесі Жерге сәтті қонды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

New Shepard бортында қазақстандық кәсіпкер Дана Қарағұсова, бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, бірнеше стартаптардың негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болды.

Ғарыш кемесі АҚШ-тың Техас штатындағы Ван-Хорн қаласына жақын орналасқан Corn Ranchайлағынан Астана уақытымен 18:41-де ұшырылды. Ұшу шамамен 11 минутқа созылды. Экипаж капсуласы ғарыш шекарасы саналатын Карман сызығынан өтіп, 107 шақырым биіктікке жетті.

Айта кетейік, Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанды.

New Shepard бағдарламасы аясында ғарышқа осы күнге дейін  75 адам ұшырылды.

 

 

 

 

Комментарии
Другие материалы