Премьердің 12 минуты. Бектенов кіммен сөйлесті?

1267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3YjS3GZnCSR04fQ9YgnD1W5n9o0J31JtB95S0QpA.webp

Премьер-министрдің Үкімет отырысы кезінде маңызды қоңырауға байланысты залдан шығып кеткені БАҚ назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ-та премьер-министр Олжас Бектенов телефон қоңырауына жауап беру үшін залдан уақытша шығып кеткен сәтінің бейнесі таралды.

Үкімет отырысы сағат 10:00-де басталды.

Алғашқы сәттерде премьер-министр жаңа оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды. Осы кезде үкіметтік байланыс телефоны шырылдап, Бектенов қоңырауға жауап беріп, залдан шығып кетті.

Отырысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр уақытша жүргізді. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы мінберге шақырып, күн тәртібіндегі баяндамаларды тыңдауды жалғастырды.

Олжас Бектенов отырыстың басталғанына шамамен 12 минут өткен соң қайта оралған.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар Үкімет отырыстарында сирек кездеседі. Премьер-министр жиынды толық өзі басқарып отыратын. Үкіметтік байланыс телефоны әдетте Президентпен сөйлесу үшін қолданылады.

Комментарии
Другие материалы