Алматыда өткен "Реал Мадрид" пен “Қайрат” арасындағы ойынды көруге Өзбекстаннан арнайы келген жанкүйерлер алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ташкенттен ұшып келген әке мен баланың матчқа кіру үшін 642 мың теңгеге (шамамен 1175 доллар) сатып алған билеттері жалған болып шыққан.
"Біз билетті 1175 долларға сатып алдық. Иә, ол фейк билет екен, әлде біреу сол билетпен өтіп кеткен бе? Білмейміз. Біз Ташкенттен арнайы ұшып келдік. Бұл арман болған матч еді, “Реал” осында келген соң қатты қуанған едік", – деді жанкүйер.