Шымкенттен - Алматыға. Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

1291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s8j28oZZmov0q2e37JoVcvgXLUY81ahQR5lS1ztH.jpg

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы Даму орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жазды.

«Бұл — жобалық офис. Олар Аюсай, Шарын, Көлсай өңірлерін көркейтіп, Sandyq, Tary секілді жобаларды іске қосты. Осындай тәжірибесі бар команда Алматыға ауадай қажет. Енді біз барлық идеяларды жылдам жүзеге асырып, қоғамдық көлік, кептеліс, инвестиция және туризм бағыттарында нақты істер атқара аламыз деп сенемін», — деп жазды Әлібеков 4 қазанда.

Айта кетейік, биыл 21 сәуірде Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Оған бұрынғы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбай бес рет оқ атқан. Берденовке шұғыл ота жасалып, ауруханаға жатқызылған еді. Кейін Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тамыз айының соңында Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын.

Комментарии
Другие материалы