Сегізінші мектеп – ұстаздар күніне тарту

1370
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZqX8OP71waPkrzB9ISKnxoknhURTtadsbxLivHN0.jpg

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Орал қаласындағы білім ошақтарының қатары су жаңа мектеппен толықты. Дарынды балаларға арналған бұл лицейдің құрылысы түрлі себеппен алты жылға созылған еді. Бүгін ресми түрде ашылып, оқушыларды қабылдады.

Жаңа мектеп 70 жыл бұрын салынған ескі ғимараттың орнында бой көтерді. Бұл нысанМемлекет басшысының апатты және үш ауысымдымектептер мәселесін түбегейлі шешу туралытапсырмасының нақты орындалғанын көрсетеді. Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған бұлжұмыс өңірде жүйелі түрде жалғасып келеді.

Халықтың аманаты орындалды

Аталған мектептің ашылуы – AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасынаенгізілген маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев бұл мектепқұрылысы ерекше бақылауда болғанын атап өтті:– Бұл мектепхалықтың аманаты. Апаттыжағдайдағы мектептерді жою және үш ауысымдыбілім беруді тоқтатубасты мақсаттардың бірі. Бүгінгі нысан осы бағыттағы нақты қадамныңкөрінісі, – деді ол.

Мемлкеттен қолдау, ұстаздарға құрмет

Салтанатты ашылу рәсімінде Батыс Қазақстаноблысының әкімі Нариман Төреғалиев мектепке өзатынан 27 жаңа компьютер тарту етті. Сондай-ақ, ардагер ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, білім саласына қосқан үлестері үшін алғысынбілдірді.– Бұл мектептің құрылысы менің жекебақылауымда болды. Құрылыс барысында түрлікүрделі мәселелер туындады. Сол түйткілдердіңшешілуіне түсіністік танытқан барша азаматтарғаалғыс айтамын, – деді өңір басшысы.

Заманауи құралдармен жабдықталған

400 орындық мектептолықтай заманауижабдықталған. Мұнда кең спорт залы, жайлыасхана, кітапхана және робототехникағабейімделген арнайы шеберханалар бар. Бұл – тек білім беретін емес, оқушының жан-жақты дамуынажағдай жасайтын ортаоңғы үш жылда БатысҚазақстан облысында 7500 орынға арналған 26 мектеп салынды. Тағы 11 білім ошағыныңқұрылысы жоспарланып отыр. Бұлөңірдегіапатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы.

 

Комментарии
Другие материалы