Қазақстанда өнеркәсіптік қарасора өсіруге рұқсат етілді

1386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WJBmvVwgpkPV90W7g0ZtchgMnQGyALbsOQpwi5jt.webp

Қазақстан Үкіметі өнеркәсіптік мақсатта өсіруге болатын 218 сорт қарасора тізімін бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Құжат 24 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Рұқсат тек тоқыма, азық-түлік, фармацевтика және өзге де өндірістік салаларға қатысты екені аталды. Есірткілік заттар өндіруге қолдануға болмайды.

Тізімге АҚШ, Австралия, Германия, Қытай, Ресей, Украина және Жапония, Италия, Канада, Франция сынды өзге де елдерден шыққан сорттар енгізілген.
Мамандардың пікірінше, бұл шешім ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және инвестиция тартуға ықпал етеді.

Комментарии
Другие материалы