Алматылық каскадер қосарланған атпен шауып рекорд орнатты

1429
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5SeWQCvM9YFYjafdOv8YXMPt0OnMOmE7b83WLKCN.jpg

Алматыда каскадер қосарланған атпен шауып, рекорд орнатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көрермендер алдында өткен шоу кезінде спортшы бір қолымен тізгінді ұстап, екі аттың үстінде тік тұрып, жоғары жылдамдықпен шапты. "Топ жарған" орталығының маманы Ернар Жасұзақ рекорд орнатып, қос тұлпарда екі мың метрді шауып өткен. 

Мамандардың айтуынша, мұндай трюк кәсіби дайындық пен аттарға ерекше баптау қажет етеді. Әдетте мұндай өнер халықаралық цирк ареналарында жиі көрсетіледі.

Қазақстандық Ернар Жасұзақ Global Book of Records-қа енді.

Комментарии
Другие материалы