"Әр қалада жедел желі бар". Сиыр етінің бағасына байланысты шағымдануға болады

935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ngPQPqi0VpvTYrH1wPAfaZOryeRDruWP60nHiXvu.webp

Қазақстанда сиыр етінің қымбаттауына қатысты азаматтардың шағымын қабылдайтын жедел желі жұмысын бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеп.

23 қыркүйектен бастап іске қосылған желіге қазақстандықтар да, кәсіпкерлер де хабарласа алады. Министрліктің мәліметінше, азаматтар дүкендер мен базарларда сиыр етінің шектен тыс қымбат сатылуына, сатушылардың негізсіз үстеме қосуына қатысты шағымдана алады. Ал кәсіпкерлер етті жеткізу кезінде туындаған қиындықтарды жеткізе алады.

Жедел желі барлық өңірлерде қолжетімді:

  • Астана қаласы – 8 (7172) 57-64-02

  • Алматы қаласы – 8 (727) 392-21-54

  • Шымкент қаласы – 8 (7252) 53-07-060

  • Абай облысы – 8 (7222) 35-37-43

  • Ақмола облысы – 8 (7162) 50-29-89

  • Ақтөбе облысы – 8 (7132) 54-81-26

  • Алматы облысы – 8 (7272) 72-50-083

  • Атырау облысы – 8 (7122) 52-03-91

  • Батыс Қазақстан облысы – 8 (7112) 50-00-44

  • Жамбыл облысы – 8 (7262) 54-21-69

  • Жетісу облысы – 8 (7282) 41-56-10

  • Қарағанды облысы – 8 (7212) 21-42-08

  • Қостанай облысы – 8 (7142) 53-46-80

  • Қызылорда облысы – 8 (7242) 71-15-30

  • Маңғыстау облысы – 8 (7292) 43-14-34, 43-01-17

  • Павлодар облысы – 8 (7182) 55-10-70

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8 (7152) 46-81-33

  • Түркістан облысы – Әбдісаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501, Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82

  • Ұлытау облысы – 8 (7102) 76-30-10

  • Шығыс Қазақстан облысы – 8 (7232) 26-72-07

Министрлік бұл бастаманың басты мақсаты — ет нарығындағы әділетсіз бағаға тосқауыл қою және халықтың әлеуметтік жағдайын қорғау екенін атап өтті.

Комментарии
Другие материалы